Кездесу барысында өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тәртібі, сондай-ақ балалар мен қызметкерлерді эвакуациялау жолдары қарастырылды. Қызметкерлер тәжірибелік тұрғыдан құнды ұсыныстар алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Мұндай іс-шаралар мекемедегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға және тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығына жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Өрт сөндіру қызметінің өкіліне кәсібилігі мен атқарған жұмысы үшін алғысымызды білдіреміз!
18.03.2026
Қаралым саны: 0