«Адал азамат» бағдарламасының орындалуын және оны іске асыру аясында Солтүстік Қазақстан облысының педагогикалық қауымдастығының ардагерлер кеңесінің мүшелері жоспарлы түрде мектепке дейінгі білім беру мазмұны арқылы құндылықтарды дарыту процесінің орындалуын және методикалық көмек беру негізінде «Ивушка» бөбекжай бақшасында кездесу өткізді. Кездесу барысында ұлағатты ұстаздар, еңбек ардагерлері Алтын Талиқызы Сейітова, Сәуле Әбуқызы Киреева өз ойларымен бөлісіп, ақыл кеңес беріп, балабақшадағы тәрбие білім беру үдеріснің ұйымдастырылумен педагогикалық ұжымның «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстармен танысты. Кездесу барысында жас ұрпақтың бойында тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық сияқты құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Осындай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, тәжірибе алмасуға және өңір педагогтері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Ардагерлермен, облыстық методикалық орталықтың әдіскері Айгүл Хайркенқызының қатысушыларымен, мектепалды тобының бүлдіршіндерімен кездесіп, балалардың Отан, рәміздер, қауіпсіздік, үлкенге құрмет, үй жануарларына, үй өсімдіктеріне, өзін - өзіне құрмет көрсету. Қоршаған әлем туралы сурет салу, модельдеуге, дизайнға қызығушылық таныту, жаңа тәсілдер мен технологияларды қолдануды талап ететін балалар жобаларының қатысуға дайын болуы, жан жақты дамуы, білім берудің барлық сатыларының сабақтастығы сақталғанын көріп, ризашылықтарын айтты. Тәрбиешілердің берген білімдері адал азамат және алты құндылықтарды бүлдіршіндердің бойынан сіңірсе, ертеңгі ұрпақтың адал азамат болуларына күмән болмайды, бала тәрбиесі тал бесіктен – деп, қазақ халқымыз жәй айтпаған, болашақ ұрпақтарымыз балабақшадан, мектеп қабырғасынан алған тәрбие ертеңгі Қазақстанымыздың адал ұрпақ болуларына кәміл сенетініміз сөзсіз.
18.03.2026
Қаралым саны: 0