«Батылдық пен даңқ мерекесі» атты сурет байқауы

Біздің балабақшада «Батылдық пен даңқ мерекесі» тақырыбында шығармашылық сурет байқауы өтті.

Жас суретшілер өз жұмыстарын үлкен шабытпен әрі жауапкершілікпен орындады. Балалар өз суреттерінде батылдық, ерлік және Отанға деген сүйіспеншілік туралы түсініктерін бейнеледі. Әрбір жұмыс өзіндік ерекшелігімен дараланып, шынайылық пен балалық жылылыққа толы болды.Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың тарихқа деген құрметін арттырып, өз еліне деген мақтаныш сезімін және патриоттық рухын қалыптастыруға ықпал етеді.

06.05.2026

Қаралым саны: 0