Бүгін балабақшамызда 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған жарқын да қызықты эстафеталық жарыстар өтті.

«Жас ұландар – мақтанышы елімнің» атты іс-шараға қатысқан бүлдіршіндер спорттық сайыстарда асқан белсенділік, ептілік пен командалық рух танытты. Балалар бір-біріне қолдау көрсетіп, ортақ жеңіске бірге қуанып, өздерінің күш-жігері мен батылдығын паш етті.Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, Отанға деген сүйіспеншілік пен ел қорғаған батырларымызға деген құрметті нығайтуға септігін тигізеді.Мереке жылы әрі достық жағдайда өтіп, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады!

04.05.2026

Қаралым саны: 0