Бүгін «Ивушка» бөбекжай-бақшасында «Халық мұрасы» атты шағын көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – тәрбиеленушілерді қазақ халқының ұлттық мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен және тұрмыстық бұйымдарымен таныстыру, халық мұрасына деген құрмет пен қызығушылықты қалыптастыру. Көрме барысында балалар ұлттық қолөнер бұйымдарын, тұрмыста қолданылған заттарды, сондай-ақ халқымыздың бай мәдени мұрасын бейнелейтін экспонаттарды тамашалады. Педагогтер тәрбиеленушілерге әрбір бұйымның мағынасы мен тарихы туралы әңгімелеп, ұлттық құндылықтардың маңызын түсіндірді. Осындай іс-шаралар балалардың туған жерге, ұлттық дәстүрлерге деген сүйіспеншілігін арттырып, халық мұрасын қадірлеуге тәрбиелейді.

Сегодня в детском саду «Ивушка» прошла мини-выставка «Халық мұрасы» («Наследие народа»).

16.03.2026

Қаралым саны: 0