Біздің балабақшамызда «Масленица» мерекесі өткізілді.
Мерекені өткізудің мақсаты — балаларды орыс халқының ұлттық дәстүрлерімен таныстыру, өз халқының мәдениетіне деген қызығушылықтарын қалыптастыру және көтеріңкі, достық көңіл күй атмосферасын құру.Мереке барысында балалар Масленицаның қысты шығарып салып, көктемді қарсы алатын көңілді мереке екенін білді. Балалар дөңгелек әрі күн сияқты қызарып піскен құймақтардың неліктен мерекенің басты символы болып саналатынын білді. Балалар халықтық салт-дәстүрлермен, ұлттық ойындармен танысты.Іс-шара барысында тәрбиеленушілер хоровод билеп,қимылды ойындар мен сайыстарға қатысып, ән айтып,батылдық, ептілік және достық қасиеттерін көрсетті.Масленица мерекесі барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй, жарқын әсерлер және мол қуат сыйлады.
20.02.2026
Қаралым саны: 0