Қарттар күні қарсаңында ортаңғы топтың балалары өздерінің сүйікті Умсындық Қадыровнаны құттықтады. Ол 10 жылдан астам уақыт бойы тәрбиешінің көмекшісі болып еңбек етіп, жақында зейнеткерлікке шықты. Дегенмен, әлі де өз жұмыс орнында қалып, тәрбиеленушілерін шын жүректен жақсы көреді және өз міндетіне адал қарайды. Балалар Умсындық Қадыровнаға жүрекшелер сыйлап, мықты денсаулық тіледі және әсем ән шырқап берді.
30.09.2026
Қаралым саны: 0