Мектеппен сабақтастық және кәсіби бағдар беру жұмысы аясында «Ивушка» балабақшасының тәрбиеленушілері №8 орта мектепке экскурсия жасады. Балалар үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылып, олар мектеп өмірімен, оқу кабинеттерімен және мектептің тыныс-тіршілігімен танысты. Тәрбиеленушілер оқу үдерісін қызығушылықпен бақылап, көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер алды. Осындай кездесулер болашақ бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне көмектесіп, білім алуға деген оң көзқарасын қалыптастырады.

15.05.2026

Қаралым саны: 0