Наурыз – жаңару, бірлік пен рух күшінің мерекесі!

Бүгінгі спорттық мереке – ұлттық дәстүрлеріміз бен салауатты өмір салтына деген ұмтылысымыздың жарқын көрінісі болды.

Ұлттық ойындардың элементтері ерекше көңіл-күй сыйлады: қазақша күрестегі тартысты белдесу, асық атудың ептілік пен төзімділікті талап ететін сәттері, арқан тартудағы жылдамдық пен командалық рух. Бұл сайыстар тек күш пен шеберлікті ғана сынап қоймай, ұрпақтарды сабақтастырып, халқымыздың бай мұрасын дәріптейді.

Наурыздың қуаты жаңа жетістіктерге жігер беріп, достықты нығайтып, әр қатысушыға қуаныш сыйласын!

Особое настроение создали элементы национальных игр: азарт борьбы в қазақша күрес, ловкость и выносливость в асық ату, скорость и командный дух в перетягивании каната. Эти состязания не только проверяют силу и сноровку, но и соединяют поколения, передавая богатое наследие нашего народа.

20.03.2026

Қаралым саны: 0