Педагогтердің бос лауазымдарына конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Лауазымның атауыОқыту тіліАпталық жүктемесіЛауазым мәртебесі
1Тәрбиешіқазақ тілі1 мөлшерлемебос лауазым
2Тәрбиешіқазақ тілі1 мөлшерлемебос лауазым
3Логопедаралас0,5 мөлшерлемебос лауазым
4Музыкалық жетекшіқазақ тілі1 мөлшерлемебос лауазым
5Педагог-ассистенторыс тілі1 мөлшерлемебос лауазым

Тәрбиеші

Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі немесе «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжаты болуы тиіс. Бұл ретте жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі:

педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл;

педагог-сарапшы үшін – кемінде 2 жыл;

педагог-зерттеуші үшін – кемінде 3 жыл;

педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Және (немесе) біліктіліктің орташа деңгейі болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі:

педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл;

педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл;

педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын;

педагогикалық әдеп нормаларын;

балалар репертуарындағы музыкалық шығармаларды;

музыкалық тәрбие беру әдістемесін;

еңбек заңнамасының негіздерін;

ішкі еңбек тәртібі қағидаларын;

қауіпсіздік және еңбекті қорғау қағидаларын;

өрт қауіпсіздігі талаптарын;

санитариялық қағидалар мен нормаларды.

Лауазымдық міндеттері:

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқыту барысында денсаулық сақтау технологияларын қолданады;

педагогикалық процесті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, жас ерекшелік тобына арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған іс-әрекеттің кестесіне сай жүзеге асырады;

күн тәртібіндегі сәттерді ұйымдастырады және өткізеді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгілік жаттығу, күн бойы тамақтануды ұйымдастыру);

балалардың іс-әрекетіне жетекшілік етеді (ойын, шығармашылық, танымдық, қимыл-қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және басқа да іс-әрекеттер);

серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады;

заттық-дамытушы ортаны қалыптастырады;

балалармен жұмыс барысында тұлғалық-бағдарлы тәсілді жүзеге асырады;

дамуында ерекшеліктері бар балалармен түзету жұмыстары саласындағы мамандарға көмек көрсетеді;

тәрбие-білім беру процесін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып жоспарлайды;

қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде тәрбие-білім беру қызметін жобалайды;

ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тең бастапқы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету мақсатында мектепке түсу кезінде білім беру ортасына әлеуметтендіруді жүзеге асырады;

ерекше білім беру қажеттіліктері бар әрбір балаға мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, жеке тәсілді қамтамасыз етеді;

мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестерге, педагогикалық және әдістемелік кеңестерге, конкурстарға және басқа да іс-шараларға) қатысады;

отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу негізінде үздік педагогикалық практикаларды зерделейді, жинақтайды, таратады және енгізеді;

мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмек көрсетеді.

Логопед

Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

«Арнайы білім беру» бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжаты болуы тиіс, бұл ретте жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі:

педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл;

педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл;

педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;

және (немесе) педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын;

Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын;

арнайы педагогиканы;

оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздерін;

арнайы білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді;

педагогикалық әдеп нормаларын;

еңбек заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, қауіпсіздік және еңбекті қорғау қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын, санитариялық қағидаларды.

Лауазымдық міндеттері:

мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалайды;

жеке оқу, жеке дамыту, түзете-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады, жеке (шағын топтық, топтық) сабақтар өткізеді;

мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;

тәрбиешілерге, ата-аналарға, балалардың өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқытудың әртүрлі нысандарын, білім беру технологияларын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады.

Музыкалық жетекші

Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық немесе музыкалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжаты болуы тиіс, бұл ретте жұмыс өтіліне талап қойылмайды; және (немесе) біліктіліктің жоғары немесе орта деңгейі болған жағдайда педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін 5 жыл жұмыс өтілі болуы және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Білуге тиіс:

• Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді;

• мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын;

• педагогикалық әдеп нормаларын;

• балалар репертуарындағы музыкалық шығармаларды;

• музыкалық тәрбие беру әдістемесін;

• еңбек заңнамасының негіздерін;

• ішкі еңбек тәртібі қағидаларын;

• қауіпсіздік және еңбекті қорғау қағидаларын;

• өрт қауіпсіздігі талаптарын;

• санитариялық қағидалар мен нормаларды.

Лауазымдық міндеттері:

• мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;

• музыкалық іс-әрекеттерді, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық қабілеті жоғары балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;

• балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, әртүрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді;

• педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;

• инновациялық педагогикалық тәжірибені балалармен жұмыс практикасына енгізеді;

• балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша ата-аналар мен тәрбиешілерге консультациялық көмек көрсетеді.

Педагог-ассистент

Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

Жоғары педагогикалық білімі және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжаты болуы тиіс, бұл ретте жұмыс өтіліне талап қойылмайды; және (немесе) біліктіліктің орта және жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл жұмыс өтілі; және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін мамандығы бойынша 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Білуге тиіс:

• Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бала құқықтары туралы конвенцияны, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді;

• уәкілетті орган ұсынған ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру және оның мазмұны бойынша әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдарды;

• педагогикалық әдеп нормаларын;

• еңбек заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, қауіпсіздік және еңбекті қорғау қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын, санитариялық қағидаларды.

Лауазымдық міндеттері:

• психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

• балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысады;

• білім беру ұйымында ұйымдастырылған оқу және өзге де іс-әрекет барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты дербес іс-әрекеті шектелген жағдайда оларға көмек көрсетеді және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

• оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы бақылайды және ол туралы деректерді жинақтайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімдеу (мінез-құлық) дағдыларының қалыптасу динамикасын хаттамалайды және баланы оқыту мен әлеуметтендіру процесін мониторингтеу үшін ақпаратты тәрбиешілер мен мамандарға ұсынады;

• ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді;

• белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы рет жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады:

Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

Жеке басын куәландыратын құжат немесе сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;

Нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген № 075/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

Наркологиялық ұйымнан анықтама;

Туберкулезбен ауыратын науқастардың диспансерлік есебінде тұрмайтыны туралы анықтама;

Соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

Педагогтің біліктілік санатының бар екендігін растайтын ҰБТ сертификаты немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының бар екендігі туралы куәлік (болған жағдайда);

Хабарландыруға қосымшаға сәйкес педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы.

Көрсетілген міндетті құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтаруға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға кандидат Комиссияның қарауына өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтарды беру туралы құжаттардың, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдардың, біліктілік санаттарының көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдарын) ұсына алады.

Құжаттарды ұсыну мерзімі мен мекенжайы

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша қабылданады:

150008, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Пионерская көшесі, 34.

Тел.: 37-37-66Электрондық пошта: sad.ivushka@mail.ru

Анықтама телефоны: 8 (7152) 37-37-66

Конкурстық рәсімдер

Конкурстық рәсімдер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрықтарына сәйкес өткізіледі.

Аталған бұйрықпен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру бағдарламаларын және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілген.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына» сәйкес.

ҚОСЫМША

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына10-қосымша

Нысан

(конкурс жариялаған мемлекеттік орган)

Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН

Лауазымы, жұмыс орны

Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны

ӨТІНІШ

Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасу жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын (қажеттісінің астын сызу керек):

білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)

Қазіргі уақытта:

лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)

лауазымында жұмыс істеймін.

Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі

Оқу орнының атауы:__________________________________________________________________

Оқу мерзімі:__________________________________________________________________

Диплом бойынша мамандығы:__________________________________________________________________

Біліктілік санатының болуы (берілген/расталған күні):__________________________________________________________________

Педагогикалық жұмыс өтілі:__________________________________________________________________

Жұмысымның келесі нәтижелері бар:__________________________________________________________________

Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда):

10.08.2026

Қаралым саны: 0