Қазақстанда Наурызнама онкүндігі 14 наурызда басталды. 16 наурыз - өнерге баулу күні аталып өтіледі: театрландырылған қойылымдар, концерттер, халық қолөнер шеберханалары. Қазақтың дәстүрлі халық қолөнері «Домбыра жасау» табиғи ағаштан жоғары сапалы дыбыс беретін ішекті аспап жасауды қамтиды. Балабақшамызда бүлдіршіндеріміздің биіне арнап домбыраның макетін жасау бойынша шеберлік іс-шарасы өтті. Балаларымыздың әкелері мен аталары осы іс-шараға аса қызығушылықпен белсене қатысты.Іс-шара отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүріне қызығушылықты арттыруға бағытталған. Қатысушылар «Асық ату», «Бес асық» сияқты қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, атмосфера достықпен пен шығармашылыққа ұласа түсті.
17.03.2026
Қаралым саны: 0