«Тамшылар» кіші тобында қызықты ойындар мен көтеріңкі көңіл күйге толы Отбасы күні өтті. Балалар «Киімді ұлттық ою-өрнекпен безендірейік» дидактикалық ойынына белсене қатысып, ұлттық ою-өрнектердің элементтерімен танысты. Олар киімдерді әсем оюлармен безендіріп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. «Жануарларды тамақтандыр» ойыны да балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Тәрбиешінің көмегімен олар әр жануарға лайықты азықты таңдап, үй және жабайы жануарлар туралы білімдерін бекітіп, зейіні мен логикалық ойлау қабілеттерін дамытты. Балалар үстел үсті театры арқылы «Бауырсақ» ертегісін сахналады. Олар ертегі кейіпкерлерін қызығушылықпен сомдап, оқиғаны мұқият тыңдап, театрландырылған ойынға белсенді қатысты.
Өткізілген іс-шаралар балалардың сөйлеу тілін, қиялын, шығармашылық қабілеттерін және қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға ықпал етті. Отбасы күні тәрбиеленушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, отбасының жылуы мен бірлігінің маңызын тағы бір мәрте сезінуге мүмкіндік берді.
24.07.2026
Қаралым саны: 0