Ересек топта «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында «Ұқыптылық пен тәртіп мектебі» атты іс-шара өтті. Балалар тәртіп сақтаудың және өз заттарына ұқыпты қараудың маңыздылығын талқылады. Ойын түрінде тәрбиеленушілер ойыншықтарды дұрыс жинауды, бір-бірімен келісуді және ережелерді сақтауды үйренді. Әсіресе ұқыптылық пен топтық жұмысты талап ететін қимылды тапсырмалар балаларға ұнады. Сабақ барысында балалар тәртіптің достықпен ойнауға және топта тазалық сақтауға көмектесетінін түсінді. Іс-шара қызықты әрі танымдық өтіп, балалардың жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті.
03.04.2026
Қаралым саны: 0