«Жаздың алуан түсті қанаттары»

Ересек топтың балалары балабақша ауласындағы гүлзарға барып, жазғы гүлдерді тамашалады. Балалар гүлзарды мұқият бақылап, түрлі түсті әрі әртүрлі пішіндегі гүл күлтелерін, жапырақтар мен шөптерді таңдады. Жиналған табиғи материалдардан олар «Көбелек» тақырыбында әсем қолөнер жұмыстарын жасады. Жұмыс барысында балалар өсімдіктерді түсіне, көлеміне және пішініне қарай салыстырды. Бақылау мен шығармашылық жұмыс балалардың жазғы табиғаттың сұлулығын тереңірек танып, қиялын дамытуына мүмкіндік берді.

17.07.2026

Қаралым саны: 0