Жылдамырақ, биігірек, күштірек

Біздің тобымызда қазақтың ұлттық ойындарына арналған «Жылдамырақ, биігірек, күштірек» атты спорт күні өтті. Балалар «Арқан тартыс», «Шұңқырдан секіру» және «Күзетшілер» ойындарына үлкен қызығушылықпен қатысты. Жарыс барысында тәрбиеленушілер күш-қуатын, ептілігін, жылдамдығын, төзімділігін және топпен жұмыс істей білу қабілетін көрсетті. Әрбір бала өз мүмкіндігін көрсетуге тырысып, достарын қолдап, ортақ жетістіктерге қуанды. Ұлттық ойындар балаларды қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрімен таныстырып, оларға көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады. Спорттық мереке көңілді, ұйымшылдықпен өтіп, барлық қатысушылардың есінде жақсы әсер қалдырды

06.08.2026

Қаралым саны: 0