Ойынның әртүрлілігі мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуетін дамытушы құрал

2025 жылдың 9 сәуірінде "Ивушка" бөбекжай бақшасында "Ойынның әртүрлілігі мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуетін дамытушы құрал" тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар барысында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы және "Тілге бойлау"жобасы бойынша жұмыстардың жүзеге асырылуы көрсетілді. Сонымен қатар, "Снежинка", "Арай", "Алпамыс", "Ақ көгершін", "Балдырған", "Қарлығаш" балабақшалары өз тәжірибелерімен және балабақшадағы көрмелерімен бөлісті. Іс-шараға Петропавл қаласы, Аққайың, Есіл, Қызылжар және Мамлют аудандарының педагогтары қатысып, тәжірибе алмасып, өз пікірлерін бөлісіп, алғыстарын білдірді.

09.04.2025

Қаралым саны: 34