Қазақстан Республикасы күні мерекесі қарсаңында біздің ересек топта танымдық іс-шара – «Біз Қазақстанда тұрамыз» атты зияткерлік ойын өткізілді.Іс-шараның мақсаты – балалардың Отан туралы, еліміздің мемлекеттік рәміздері мен астанасы жайлы түсініктерін қалыптастыру, Қазақстанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Ойын барысында балалар Қазақстанның туы мен елтаңбасын қарап, еліміздің астанасы – Астана қаласының көрікті жерлерімен танысты, жұмбақтар шешіп, ел рәміздерін бөліктерден құрастырды.
Балалар сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, белсенді түрде қатысып отырды. Іс-шара соңында тәрбиеленушілер өздерінің «Махаббат жүректерін» ортақ «Біздің Қазақстан» панносына жапсырды.
Мұндай іс-шаралар балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, елінің рәміздері мен дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастырып, туған жерін мақтан тұтуға тәрбиелейді.
20.10.2025
Қаралым саны: 15