«Ивушка» бөбекжай — бақшасы МКҚК мен эстетикалық бағыттағы №8 орта мектеп оқушылары арасындағы «Абай әлемі – мәңгі мұра» атты балалар арасындағы мәнерлеп оқу байқауы («Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы әдеби көпір» жобасы аясында)

Ұлы қазақ ағартушысы, ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында «Ивушка» бөбекжай бақшасында эстетикалық бағыттағы №8 орта мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері арасында «Абай әлемі – мәңгі мұра» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – ұлы Абайдың рухани мұрасын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, көркем сөз мәдениетін дамыту, сондай-ақ мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастықты қалыптастыру.

Байқауға 4-5 жастағы 18 бала мен мектеп жасындағы 5 оқушы қатысты. Қатысушылар Абай өлеңдерін үлкен шабытпен оқып, оның терең философиясын, туған тілге деген сүйіспеншілігін көрсете білді.

Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін келесі критерийлер бойынша бағалады: көркемдік шеберлік, мәнерлілік, мазмұнын түсіну және тақырыпқа сәйкестік.

Қазылар алқасының құрамында:

  • Раушан Қайыржанқызы –«Алтын бесік» бөбекжай бақшасының МКҚК меңгерушісі;
  • Ольга Сергеевна – «Аленушка» бөбекжай бақшасының МКҚК меңгерушісі;
  • Сандуғаш Біржанқызы –«Балдырған» бөбекжай бақшасының МКҚК меңгерушісі болды.

Байқау шынайы рухани мерекеге айналып, қазақ мәдениетіне деген құрмет пен сүйіспеншілікті көрсетті. Жеңімпаздар мен барлық қатысушылар естелік дипломдармен марапатталды.

Абай әлемі – таусылмас даналық пен адамгершіліктің қайнар көзі.

02.10.2025

Қаралым саны: 33