Біздің Ивушка бөбекжай балабақшасында, күз мерекесіне арналған барлық топтарда ертеңгілік өтті. Кішкентай және үлкен топтардың бүлдіршіндері Күз ханшайымын көріп ,қуанып, оған өздерінің тамаша әндерімен, билерін сыйлады. Күз мерекесі, бүлдіршіндер жақсы көретін мерекелердің бірі. Бұл мерекеде, балалар өздері де қатысып және өзгелердің өнерлерін тамашалай алды.
Күз мезгілі күнгірт көрінгенімен, балалар залдың жарқын безендірілуіне, жасыл, сары, қызыл және қоңыр жапырақтармен ілінген ағаштардың макеттеріне өте қуанды.
Тосынсыйлар барлығына ұзақ уақыт бойы жақсы көңіл күй сыйлады. Ертегі кейіпкерлері, ойындар мен көңілді әзілдермен қуантты. Әрине, қандай мереке дәмді тәттілерсіз өтеді? Күз ханшайымы, балаларға дәмді алма әкелді.
Мереке, қатысушыларға да, қонақтарға да, балалардың өнерін тамашалауға келгендердің барлығына қуаныш пен рахат сыйлады.
Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылысберген сыйдай.
Сәкен Сейфуллин
31.10.2022
Қаралым саны: 143