«Менің елім – Қазақстан»

Бүгін біздің балабақшада «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында қызықты әңгіме өтті.

Балалар Отанымыздың рәміздері, астанасы, табиғи байлықтары мен қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы қызығушылықпен тыңдады.

Балалар өз білімдерімен бөлісіп, еліне деген сүйіспеншіліктерін мақтанышпен айтып берді.

Мұндай әңгімелер балалардың кішкентай кезінен бастап патриоттық сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметін қалыптастыруға көмектеседі.

 

26.08.2025

Қаралым саны: 90