«Ұлттық мұраға сүйене отырып, дамытушы және дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік қызметін арттыру»

Мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы балалардың сөйлеу әрекетін белсендіруге, коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған педагогикалық тәжірибе алмасу және тиімді тәжірибелерді тарату.

Абай Құнанбайұлының рухани жолы – ұлы ағартушы, ойшыл және ұстаз ретіндегі бейнесі семинарда ерекше назарға алынды. Абайдың: «Адам баласы өмір бойы білім алуы керек» деген сөзі – оның шығармаларында терең моральдық әрі тәрбиелік идеялар жатқанын дәлелдейді. Бұл идеяларды бүгінгі күні, әсіресе мектепке дейінгі білім беру саласында қолдану аса маңызды және өзекті.

Семинар аясында келесі іс-шаралар өткізілді:

  • Тіл дамыту мәселесінің ұлттық контексте өзектілігі туралы теориялық баяндамалар;
  • Мастер-класстар: педагогтер қазақтың халық ойындары («Бес тас», «Асық», «Ши тоқу»), фольклор, жұмбақтар, мақал-мәтелдер мен музыкалық элементтер арқылы балалармен жұмыстың практикалық тәсілдерін көрсетті;
  • Педагогтерге арналған психологиялық тренинг: ұжым ішінде және балалармен тиімді қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Іс-шараға әдіскерлер, тәрбиешілер, педагог-психолог қатысты. Қатысушылар келесі шеберлік сабақтарына тартылды:

  • Квик – баптау «SmartStart: ұжымдық келісім»
  • Ойын технологиялары: әрбір баланың табыс кілті
  • Нейроритмдер – мектепке дейінгі жастағы балалардың әлеуметтік-коммуникативтік және танымдық дағдыларын дамыту құралы
  • «Киіз басу» – киіз жасаудың дәстүрлі әдісі
  • «Ши тоқу» – балалардың ұсақ моторикасы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту құралы
  • «Бескеней» ойыны – балалардың логикалық ойлауын қалыптастырып, ұлттық мұрамен таныстыруға ықпал ететін құрал
  • Ұлттық ойындар – балалардың ой-өрісін, мүмкіндіктері мен әлеуетін дамыту тетігі.

Ойындар мен жаттығулар тек дамытушылық қана емес, сонымен қатар тәрбиелік мәнге де ие болды — олар балаларда ана тіліне деген құрметті, қазақ халқының тарихы мен дәстүрлеріне қызығушылықты қалыптастырды. Балалардың коммуникативтік әрекеті Абай рухында — сөз арқылы, қимыл арқылы, өзара әрекет арқылы — мәнді, мазмұнды, жанды сипат алды.

 

 

 

14.11.2025

Қаралым саны: 48