Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Ивушка» бөбекжай бақшасында Республика күніне арналған жарқын да тағылымды іс-шара өтті!

Балалар тәрбиешілермен бірге Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухқа толы атмосфераға енді.

Кішкентайлар еліміздің рәміздері туралы тыңдап, өлең оқып, ән айтып, ұлттық билер билеп, түрлі танымдық ойындарға қатысты.

Балабақшада нағыз мерекелік көңіл — күй орнады, ең бастысы — бүлдіршіндердің жүрегінде елімізге деген мақтаныш сезімі оянды.

Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ұрпағымыз саналы болсын!

23.10.2025

Қаралым саны: 93