Бүгін «Ивушка» балабақшасында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған балалар сурет байқауы өтті!
Байқаудың тақырыбы – «Мен өз құқықтарымды бейнелеймін» болды.
Балалар өз құқықтарын жарқын әрі мейірімді суреттер арқылы жеткізді. Әр туындыда – шынайылық, әділдікке, достыққа, отбасы мен қамқорлыққа деген бала көзқарасы көрініс тапты.
Мұндай іс-шаралар бүлдіршіндердің азаматтық сезімін қалыптастырып, заңдарға құрметпен қарауға және өз құқықтарын білуге көмектеседі.
Қолдау көрсеткен ата-аналар мен педагогтерге алғысымызды білдіреміз!
#КонституцияКүні #МенӨзҚұқықтарымдыСаламын #ИвушкаБалабақшасы #БалаларҚұқығы #СуретБайқауы #Ивушка2025
27.08.2025
Қаралым саны: 108