"Ивушка" балабақшасында Жаңа жыл қарсаңындағы тақырыптық аптаның екінші күні – «Шрек мультфильмінің кейіпкерлері күні» өтті! Бұл күн шын мәнінде жарқын, көңілді және ертегіге толы болды! Тәрбиешілер «Шрек» мультфильміндегі сүйікті кейіпкерлерге айналды: мейірімді дәу Шрек, көңілді Құлан, сұлу Фиона. Балалар түрлі қызықты ойындар мен сайыстарға, көңілді эстафеталар мен билерге белсене қатысты. Іс-шара достық пен қуанышқа толы атмосферада өтті, күлкі мен қиял, ертегілік көңіл-күй күннің сәнін келтірді.
Алда әлі де қызықты күндер бар! Жаңалықтардан қапы қалмаңыздар!
19.12.2025
Қаралым саны: 36