Шуақты көктемде, асыға күткен Наурыз мерекесі келіп жетті.
Біздің «Ивушка» бөбекжай бақшасында «Ұлыстың ұлы күні — Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл Наурыз мерекесі табиғаттың оянып, жаңару кезі. Балалар мерекелік іс-шараға «Арқан тарту», «Қыз қуу» , «Көкпар» қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, бүлдіршіндер белсене қатысты. Тойға келген қонақтарға балалар өздерінің мерекелік билерін билеп, құлаққа жағымды , көңілді әндерін айтып, өнерлерін көрсете білді. Құтты қонағымыз Ақ жаулықты әжеміз мерекеге келген көрермендерге, бүлдіршіндерге өзінің ақ батасын беріп, шашуын шашып, қонақтарымызды Наурыз мейрамымен құттықтады. Мерекелік іс-шараға келген қонақтар, көрермендер өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, риза болды.
#ТілгеБойлау #БірТұтасТәрбие #Наурызнама
20.03.2025
Қаралым саны: 15