Жаңалықтар

202420232022 жылғы мақалалар

21.02.2022

Математика негіздері-балаларды мектепке даярлау кезеңінің ең маңызды аспектісі. Сондықтан ҰОҚ-інде біз үш ойын түрін қолданамыз: тəрбиешінің басшылығымен,құрастырмалы және еркін ойындар.Балалар ойын түрінде әртүрлі математикалық тапсырмаларды орындап,білім алады.

18.02.2022

3 «Капитошка» кіші тобының бүлдіршіндері өздерін ойын ретінде әр маман салаларының атқаратын қызметтері жайында танып, сол маман иесі орнына өздерін қойып рөлдерге енеді. Бала осылай үлкендердің еңбегімен танысады. Ой өрістері дамып,әдептілікке,мейірімділікке тәрбиеленуде.

Жаңа жыл Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жыл — әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Жаңа жыл — бұл балалық шақ мерекесі, себебі әрбір бала да, ересектер де осы мерекені күтеді және оған дайындалады. Желтоқсан айының ортасынан бастап біздің балабақшамызда да мерекеге дайындық басталды: топтар түрлі-түсті ойыншықтармен безендіріліп, терезелерінде жаңа жылдық шамдар жарқырайды. Бұл ертегідегі сенің сезіміңізді тудырады. Осы уақытта тіпті әуе Жаңа жылдың сиқырымен толғандай болады. Жаңа жылдық мерекені әркім өз қалауынша ұйымдастыруына болады, бірақ біздің музыкалық жетекшілеріміз бен тәрбиешілеріміз өте жақсы өткізуге барынша тырысты. Сонымен қатар, бұған тәрбиеленушілер де белсене атсалысты. Бәрі керемет мерекелік тамаша көңіл-күй мен қуанышты әсер қалдырды! Мерекелік бұйымдар, ертегі кейіпкерлерінің костюмдері. Міне, осындай жаңа жылдық көріністе Аяз Атадан қашқан нағыз Жаңа жылдық қап, яғни күтпеген тосын жайт орын алды. Бәрі риза болып, Аяз Ата мен Ақшақардан сыйлық алды. Мұның барлығы балаларға ұмытылмас әсер қалдырды.

Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы құттықтау сөзін балабақша меңгерушісі Тұрсын Қапезқызы алды.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, 
Ақ мамыққа орап алып маңайын. 
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн, 
Қанаттана кең алқапқа тарайды.


1 қыркүйек 1 қыркүйек 1 қыркүйек

 

 

 

 

 

 

 

 

1 — қыркүйек Білім күні-Қазақстан мектептері үшін дәстүрлі мереке,мектепке дейінгі ұйымдарда оқу жылын қуанышпен қарсы алаып,балабақша бүлдіршіндері есейіп,білімді, дені сау болып тәрбиеленеді.Біздің балабақшада 4-қыркүйек күні Білім күнніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік залда біздің тәрбиеленушілер мектепке барғысы келген ертегідегі Бауырсақты кездестірді .Орманда өмір сүретін аңдар не үшін мектепке барғысы келетініне таңырқап, тек қана оның ақылдылығына түлкі ғана қолдау көрсетті.Оның саяхатына барлық балалар көмектесіп,ақылдылығына,шыдамдылығына көз жеткізді.

Көңілді мерекелік сәттерде балалар өлең айтып,би билеп,түрлі конкурстарға қатысып,тақпақтар айтты.

Мерекелік іс-шара өз мәресіне жетті.

Жаз Жаз Жаз

Жаз — жайдарлы есте қаларлықтай жыл мезгілі! Күн шуағына кенеліп таза ауада көп жүріп, ойнап, жылы суға шомылып шынығады.

Жаз кезінде балабақшада «Балаларды қорғау күні», «Асфальттағы суреттер», «Құм қалашығы» атты ойын-сауықтар өткізілді.Жаңбырлы күндері сюжетті-рөльді ойындары мен көркем әдебиет кітаптары оқылады.Балалармен әр уақытта табиғатты бақылау жұмыстары жүргізіліп, өсімдіктер, жәндіктер мен құстардың қызықты өмірлерінен көптеген мағлұматтар мен әсерлер алды. Балалармен бірге бақшада көкеністер мен гүлдер отырғызылды.Осының бәрінен балалар жақсы әсер алды.

Осы жазда болған «Жазғы политра»мерекесі біз үшін кішкентай бүлдіршіндермен танысу болды.Тамыздың алғашқы күндері «Ивушка»балабақшасы 3 жастағы 175 кішкентай бүлдіршіндерді қабылдады. Балалар алғашқы шуақты күндеріндегі ұмытылмас көптеген сәттерді мерекелік алаңда көрді.

Бізде қонақта фиксиктер Мася мен Нолик помогаторларымен көптеген қызықты идеяларымен. Олармен бірге таңғажайып кілемшелер үстінде билеуге, помогаторлар жиналды,көңілді өлеңдер айтылды.Үлкен отбасымен бірге қызықты жаңа үлгідегі механизмді жіберу мүмкіндігі болды.

Біздің сендерге шын ниетімізбен тілейтініміз, балабақшадағы барлық күндеріңіз сізге және балаңызға тек қана жақсы көңіл күй.

  • Балабақшаға алғашқы күн келу нерв жүйесіне ауыр жүк түсіреді.Балаға таныс емес кісілермен тіл табысуға және анасының ұзақ уақыт жоқтығы.Тек қана баланы жақсы әсерлермен толықтырыңдар.Демалыс күндерін отбасымен өткізіңдер.
  • Баланы балабақшадан алып кеткеннен кейін онымен сөйлесіп, ойнау керек.Ол топ туралы ұмытып,дем алуы керек.Баладан балабақшада ұнай ма? ертең барасың ба? деп сұрамаңдар.Баланың ойлауынша ол жақта жаман,сондықтан балабақшаға бармауға болады деген ой келеді.Балабақша туралы сөйлескіңіз келсе баладан не жедің, қандай ойыншық ұнады деп сұраған жөн.
  • Стресс алған кезде иммундық жүйенің белсенділігі төмендейді.Бала жиі сырқаттанса,барынша жағымды әсер алып,жақсы тамақтанып, көп ұйықтауы қажет.Бейімделу кезінде балаңыз еркелеп мінез көрсеткенде ұрыспай керісінше құшақтап,сөйлесіп жақсы көретініңізді айтыңыз.
  • Балаңызды балабақшаға апарам деп қорқытпаңыз.Балабақшаға келу бұл жаза емес,ол рақат алатынын түсіну керек.

Мақаланы құрған күні 16.11.2016 17:35

Мақаланы жаңартқан күні 19.10.2022 18:35