«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ивушка» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бос және уақытша бос мұғалімдер лауазымдарына конкурс жариялайды:
Мекен жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, БИН 950540000460, sad.ivushka@mail.ru
№ |
Қызмет атауы
|
Оқыту тілі
|
апталық оқу жүктемесі
|
бос лауазымның мерзімі |
1 |
Музыкалық жетекші |
Қазақша, орысша |
1,5 ставка |
Бос орын |
Негізгі лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты қосымша төлемдерді қоспағанда (біліктілік санаты, СЕН бар балалармен жұмыс) 102 819 теңгеден 167 546 теңгеге дейін. Осы лауазымға үміткерге қойылатын біліктілік талаптары:жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк педагогикалық немесе музыкалық бiлiмiн не жұмыс өтiлiне қойылатын талаптарды көрсетпей, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; и (или) при наличии высшего или среднего уровня квалификации стаж работы для педагога-модератора не менее 3 лет, педагога-эксперта - 4 года, педагога-исследователя – 5 лет и (или) при наличии высшего уровня квалификации стаж работы для педагога-мастера - 5 жыл.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология, әлеуметтану негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
"Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканың нормалары (бұдан әрі – педагогикалық этиканың нормалары);
"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №23890 болып тіркелген) сәйкес санитариялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитариялық ережелер мен нормалар);
компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технология;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек заңнамасының негіздері;
ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғауды, еңбек қауіпсіздігін және өртке қарсы қорғау қағидалары.
Лауазымдық міндеттері:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;
музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;
балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді;
педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;
балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;
ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді.
22.08.2022
Қаралым саны: 137