Хабарландыру

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ивушка» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бос және уақытша бос мұғалімдер лауазымдарына конкурс жариялайды:

Мекен жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, БИН 950540000460, sad.ivushka@mail.ru 

Қызмет атауы

 

Оқыту тілі

 

апталық оқу жүктемесі

 

бос лауазымның мерзімі

1

Музыкалық жетекші

Қазақша, орысша

1,5 ставка

Бос орын

Негізгі лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты қосымша төлемдерді қоспағанда (біліктілік санаты, СЕН бар балалармен жұмыс) 102 819 теңгеден 167 546 теңгеге дейін. Осы лауазымға үміткерге қойылатын біліктілік талаптары:жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк педагогикалық немесе музыкалық бiлiмiн не жұмыс өтiлiне қойылатын талаптарды көрсетпей, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; и (или) при наличии высшего или среднего уровня квалификации стаж работы для педагога-модератора не менее 3 лет, педагога-эксперта - 4 года, педагога-исследователя – 5 лет и (или) при наличии высшего уровня квалификации стаж работы для педагога-мастера - 5 жыл.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

педагогика және психология, әлеуметтану негіздері;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

"Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканың нормалары (бұдан әрі – педагогикалық этиканың нормалары);

"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №23890 болып тіркелген) сәйкес санитариялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитариялық ережелер мен нормалар);

компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технология;

экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

еңбек заңнамасының негіздері;

ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғауды, еңбек қауіпсіздігін және өртке қарсы қорғау қағидалары.

Лауазымдық міндеттері:

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;

музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;

балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді;

педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;

балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;

ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді.

22.08.2022

Қаралым саны: 139