«Ивушка» ясли — бақшасында Республика күніне арналған ұйымдастырылған оқу қызметі өтті.
Іс-шараның мақсаты – балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздер мен ел тарихына құрметті тәрбиелеу.
Балалар Қазақстанның тәуелсіздігі туралы қызығушылықпен тыңдап, Ту мен Елтаңбаны қарап, Әнұранды айтып, танымдық ойындарға қатысып, өлеңдер оқып, би биледі.
Іс-шара жылы да мерекелік атмосферада өтті. Балалар жаңа білім алып, жағымды әсерге бөленіп, өз елдеріне деген мақтаныш сезімін сезінді.
23.10.2025
Қаралым саны: 72