Қазіргі таңда қауіпсіз өмір сүру әрекеті әлемде өзекті мәселе болып отыр.
Біз қорғансыз кішкентай азаматтар, яғни мектеп жасына дейінгі балаларға ерекше қамқорлық танытамыз.Егер балалар үйде, балабақшада, ойын және спорт алаңдарында немесе көшеде өзін дұрыс ұстамаса, олардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.Балалық шақта қалыптасқан әдеттер өмір бойы қалатыны белгілі.Сондықтан балаларға өмірлік маңызды ережелер мен қауіпсіз өмір жолын үйрету маңызды.Сол себепті біз балаларға кішкентай кезінен бастап жол ережесін, өрт қауіпсіздігін, үйде, көшеде қауіпсіздік ережелерін үйретеміз.2023 жылдың 20 қарашасы мен 24 қарашасы аралығында балабақшамызда «Балалар қауіпсіздігі» тақырыбында апталық өтті.Осы тақырыпқа байланысты біздің топта келесі іс-шаралар өткізілді:Балалармен әңгімелесу «От – дос, от – жау»С.Я Маршактың көркем шығармаларын оқуМысықтың үйіБалалармен әңгімелесу «Жол ережесін біл және сақта»Ұйымдастырылған іс-әрекеті «Біз Буратиноға жол ережесімен танысуға көмектесеміз» Апталық бойы балалар өрт қауіпсіздігімен танысты.Біз өрттің қаншалықты қауіпті екенін және «отпен ойнауға» болмайтынын білдік.Сондай-ақ біз отпен ойнаудың қандай қайғылы салдарға әкелетінін және одан қалай қорғану керектігін білдік.Балалар жолда жүру ережелерімен танысып, бағдаршам арқылы жолды дұрыс өтуді үйренді.Біз Буратиномен бірге жол қозғалысы ережелері туралы көп нәрсені білдік.Барлық іс-әрекеттер дидактикалық және қимылды ойындар түрінде құрылған.Балалардың бәрі іс-шараға белсенді қатысты.Бірде-бір бала бейжай қалған жоқ.
27.11.2023
Қаралым саны: 139