Сабақтастық

Мектепке дейінгі кезеңді аяқтау және мектепке түсу баланың өміріндегі күрделі және жауапты кезең. Кіші жастағы мектеп оқушыларының сәтті беймделуіне жағдай жасау - біздің ортақ міндетіміз.. Сондықтан біздің балабақша №8 орта мектебімен тығыз ынтымақтастықты жүзеге асырады. Біздің жұмысымыздың мақсаты – баланың мектепке дейінгі тәрбиеден мектепке сәтті өтуін қамтамасыз ететін заманауи технологиялар негізінде әлеуметтік әріптестіктің тиімді моделін құру. Осы жұмыс аясында №8 мектебіне мектепалды топтардың экскурсиясы өткізліді. Балалар өздерін нағыз оқушылар сияқты сезіне алды, олар оқу сыныптарында, кітапханада, спорт және акт залында, өнер кабинетінде болды. Сондай қуанышты әсермен балалар балабақшаға оралды. Олардың көпшілігі мектепке тезірек барғысы келітіні туралы айтты.

05.05.2023

Қаралым саны: 124