Балабақшадағы театрландырылған іс-шаралар

"Күлкі " ортаңғы тобының тәрбиеленушілері театрландырылған іс-әрекет түріне аса қызығушылықпен айналысады. Ертегілердің кейіпкерлерін ойнай отырып, балалар қоршаған әлеммен оның алуан түрлілігімен бейнелер, бояулар, дыбыстар арқылы танысады. Ал шебер қойылған сұрақтар оларды ойлауға , талдауға, қорытынды жасауға талпындырады. Сүйікті кейіпкерлеріне қарап, ойнай алады. Әр ертегі балалар үшін әрқашан адамгершілік бағытты көрсетеді. Мейірімділік , достық, адалдық , батылдық сияқты қасиеттер қалыптасады.

19.12.2022

Қаралым саны: 89