Тіл – қандай ұлтта ,елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті

Қазақстан елінде тұрып жатқан әр ұлт өкілдерінің тілге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында 2022 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай "Ивушка" бөбекжай бақшасында "Тіл - әр ұлттың асыл қазынасы!" атты мерекелік іс - шара өтті.Бұл мерекеге ата- аналарымыз жұмыла атсалысты. Мерекеге татар ,қазақ, орыс, украин, азербайжан, армян т.б ұлт өкілдері қатысып, өз ана тілінде, өлең оқып, ән салып, би билеп өнерлерін ортаға салды. "Ивушка" бөбекжай бақшасының меңгерушісі Факизат Марленқызы ата-аналарға ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады. Мерекелік іс- шара көрермендердің көңілдерінен шығып, қызықты өтті.

21.09.2022

Қаралым саны: 128