Компетенциялар орталығы

Компетенциялар орталығы

Компетенциялар орталығы – әр балаға тең мүмкіндікке бастар жол!

2025 жылдан бастап біздің «Ивушка» балабақшасы Компетенциялар орталығы мәртебесіне ие болды.

ГККП «Ивушка» ясли-бақшасының базасында құрылған бұл орталықтың мақсаты:

  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектепке дейінгі жастағы балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту және жетілдіру;
  • инклюзивті білім беруге бағытталған тиімді әдістер мен тәжірибелерді енгізу;
  • әр баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін бейімдеуде ата-аналар мен педагогтарға қолдау көрсету.

Біз кедергісіз балалық шақ пен баршаға қолжетімді білім үшін қызмет етеміз! Біздің жұмысымызды бақылап отырыңыздар, бірге дамып, өсеік!

#КомпетенцияларОрталығы #ИнклюзивтіБілім #ЕрекшеБалалар #Педагогика #АтаАнағаҚолдау #ҚолжетімдіБілім #БалаларКоммуникациясы #Ивушка

 

Қалалық семинар (PDF 349 Kb)

Ата-аналармен жұмыс (PDF 273 Kb)

Құзыреттілік орталығының жұмыс жоспары (PDF 416 Kb) 

 

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастық: дамудың негізгі бағыттары

 

24 қыркүйек күні «Ивушка» балабақшасының өкілдері №8 мектепте өткен Ашық есік күніне қатысты.

Кездесудің басты тақырыбы мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастық болды. Бұл – баланың мектепке сәтті бейімделуі үшін маңызды бағыттардың бірі.

Іс-шара барысында педагогтар заманауи әдістерді талқылап, тәжірибе алмасып, балабақша мен мектеп арасындағы одан арғы ынтымақтастық жолдарын белгіледі.

Күн жылы әрі құрылымды атмосферада өтті. Кездесу өзара түсіністікке, жаңа идеяларға және бірлескен жоспарларға толы болды.

 

 

 

Мақаланы құрған күні 12.09.2025 12:29

Мақаланы жаңартқан күні 24.11.2025 15:20